Декабрь 2018 
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Официальные сайты
Видео

Шуаққа бөлеген мереке салтанаты

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Шуаққа бөлеген мереке салтанаты
06 Декабря 2018

1 желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы дәстүрге айналды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастама-лардың бастаушысы,  елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Бүгінгі  Қазақстанының әлемдегі биік тұғырлы орыны Елбасымыздың ерең еңбегімен, бір туар тұлғалы қасиеттерімен тығыз байланысты. Елбасы және Қазақстан осынау ажырамас егіз ұғымдар қарыштап  дамуымыздың  мәңгілікке нық сеніммен жол тартқан, нұрлы жолымыздың жарқын бейнесі.
Қапшағай қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимні
орындалған соң, Мемлекет басшысының өмір жолы туралы сахналық көрініспен басталып, «Менің Елбасым» әніне жалғасты.
-Бүгінде біздер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен   Қазақстан  эконо-
микалық гүлденген, демокра-тиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз. Әрқашанда елдің бірлігі мен ынтымағы, Елбасының сарабдал саясаты жас мемлекетімізді кемел келешекке бастай беретініне кәміл сенемін. Осы айрықша мәнді күні барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке бірлік тілеймін,-деді қапшағайлықтар мен қала қонақтарын құттықтаған Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Сағдат Нұрғазиев.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу құрметіне орай «Астана  20 жыл» мерейтойлық  медалімен Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Сейтпекұлы Сүгіров, әкім аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі   Тихонова Людмила Васильевна марапатталса, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен Алматы облысы бойынша  «Ауылым алтын бесігім» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары байқауына белсене қатысқаны үшін  облыс әкімінің арнайы дипломы мен сертификаты Қапшағай қаласы Арна ауылдық клубының директоры Серікболсын Қыдырбайұлына салтанатты түрде табыс етілді.
Көп жылғы адал еңбектері мен жұмыстағы жоғары кәсіби біліктіліктері үшін қала әкімінің Құрмет грамотасы Заречный ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының мүшесі Тастемір Жазықпаев, қалалық аурухананың  дәрігер-гинекологы Бибіш Дорженова, Қапшағай қаласы прокуратурасының кеңсе меңгерушісі  Альмира  Құмарғалиева, Қадырғали Жалайыр атындағы №6 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Айгүл Рахымбаеваға табысталса, қалалық жер қатынастары  бөлімінің басшысы Шолпан Қожабергенова, «Қапшағай Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның токарі Иван Абрамухин, қалалық қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің инспекторы  Медет Қанафиянов, жеке кәсіпкер Әлия Молдахметова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Әсем Оспанбекова, қалалық жер қатынастары бөлімінің инспекторы Нұргүл  Түткенбаева Қапшағай қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік кеш соңы «Елін сүйген – Елбасы» атты концерттік бағдарламаға жалғасты.

Заңғар АЛТАЙ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28